«Өзін-өзі тану пәнінен пилоттық бағдарлама бойынша мобильді топтың әдістемелік сағаттары» » №8 орта мектеп
Алматы облысы
Конаев қаласы білім бөлімінің
"Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(72772)7-33-56
Есепші бөлімі:
(72772)4-68-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өзін-өзі тану пәнінен пилоттық бағдарлама бойынша мобильді топтың әдістемелік сағаттары»
06
апрель
2017

«Өзін-өзі тану пәнінен пилоттық бағдарлама бойынша мобильді топтың әдістемелік сағаттары»

«Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектеп МДШО» МКМ-де  қалалық «Өзін-өзі тану пәнінен пилоттық бағдарлама бойынша мобильді топтың әдістемелік сағаттары» тақырыбындағы әдістемелік сағаттар өтті 

2017 жылы 7 сәуір күні «Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Өзін-өзі тану пәнінен пилоттық бағдарлама бойынша мобильді топтың әдістемелік сағаттары» тақырыбында қалалық әдістемелік сағатболып өтті. Қалалық әдістемелік сағатқа №3 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі М.С Алишерова, жаратылыстану пәнінің мұғалімі А.Е Музанова және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С Әлімжан өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік сағатқа мектебіміздің өзін-өзі тану пәні мен негізгі пәндердің мұғалімдері қатысты. 

Мәселесі бойынша мектеп директоры З.Мусабаев әдістемелік сағатта сабақ беретін мұғалімдермен таныстырып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Қалалық әдістемелік сағат барысында жоспарда бекітілген ашық сабақтар жүргізілді. 

Тарих пәнінің мұғалімі М.С Алишерова 7 «А» сыныбында «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру арқылы қазақ хандарының бойындағы қасиеттерді түсіндіре отырып, «Ақиқат» құндылығының мәнін ашу.  Сабақ барысында оқушылар ақиқат құндылығының мқасиеттерін пайдалана отырып, «Керей хан» және «Әбілқайыр хан» болып 2 топқа бөлінді. Оқушылармен «Нұрға бөлену» тыныштық сәті ұйымдастырылды. Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты қысқаша бейне жазба мен «Шыншыл хан» аңыз әңгімесі де оқушылардың тереңірек білім алуларына оң әсерін тигізді. Сабақты қорытындылау мақсатында «Сандар сөйлейді» ойынын қолданды. Берілген есептің жауабы бойынша «1465» - қазақ хандығының құрылған жылын, «1457» - Керей мен Жәнібек сұлтандар Қозыбасы мен Шуға қоныстанғаны туралы айтып, тақырыпты қорытындылады. Сабақта алған білімдерін екі топтың көшбасшылары бағалау парақтарына жазып, қорытынды бағаны мұғалім шығарды. Сабақ өз мақсатына жетті. 

Жаратылыстану пәнінің мұғалімі А.Е Музанова мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С Әлімжан 5 «А» сыныбымен «Физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде» тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылар физикалық және химиялық құбылыстармен танысып, өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту, пікірталасқа түсу, өз ойларын жеткізу.  Сабақты «Тыныштық сәтімен» бастады. Оқушыларды «Күн» және «Су» топтарына бөліп, бағалау парақтарын таратты. Сабақтың мазмұнын ашу үшін бейне жазба көрсетті. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «Домино» ойынын ойнатты. Ойын соңында екі топ оқушылары физикалық және химиялық құбылыстарға анықтама берді. Оқушылар өмірмен байланыстыра отырып химиялық құбылыс пен физикалық құбылыстарға мысал келтірді. Сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында сұрақтарға жауап беріп, оқушылар өз кемелерін суға апарды. Тақырып төңірегінде жұмбақтар шешілді. Сабақ соңында оқушыларды әр топтың көшбасшысы бағалады, стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, ой бөлісті. 

М.С Алишерова әдістемелік сағатқа қатысқан мұғалімдермен кері байланыс жасады. Әр ұстаз өзінің қатысқан сабағынан алған екі ең жақсы әсерлерімен бөлісті. Әдістемелік сағат сәтті ұйымдастырған қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Н Құлжановаға мұғалімдер өз тарапынан алғыс білдірді. 

Мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Қ.Қабылов тарих пәнінің мұғалімі М.С Алишероваға өз алғысын білдіріп, тақырыпқа байланысты пайдаланған бейне жазбалары мен аңыз әңгімесі оқушыларға жақсы әсер еткендігін айтып өтті. Әр сабақта жалпы азаматтық құндылықтарды тақырыпқа сәйкестендіре отырып пайдаланса, оқушылардың бойында жақсы адамгершілік қасиеттер артар еді деп ой түйді
 
 
 
 
 
 
 


Похожие публикации:

15 февраль 2017 Сабақ кестесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив