Қала әкімінің шыршасы » №8 орта мектеп
Алматы облысы
Конаев қаласы білім бөлімінің
"Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(72772)7-33-56
Есепші бөлімі:
(72772)4-68-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қала әкімінің шыршасы
20
декабрь
2022

Қала әкімінің шыршасы

«Алматы облысы Білім Басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбұлақ ауылындағы № 8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»  МКМ- нің оқушылары "Біз - еліміздің жарқын болашағымыз!" атты қала әкімінің шыршасына қатысты. Әрбір бала жаңа жыл мерекесі қарсаңында тылсым бір ғажайыпты, ертегідей сиқырды күтеді.  Осыған орай қала әкімі  атынан ертегі кейіпкерлері, музыкалық нөмірлері мен сыйлықтары бар концерт ұйымдастырылды. Қала әкімі  өз сөзінде: -«Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман- қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын»- деп мерекелік лебізін білдірді.
Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар  ұйымдастырылды.
Айта кету керек, биылғы шырша мерекесі заманауи технологияларды қолдана отырып, музыкалық-интерактивті  шоу  форматында өтті. Іс-шара түрлі  ойын-сауық арнайы эффектілермен және лазерлік шоумен сүйемелденді. Қала  әкімі  Нұрлан  Орынбасарұлының  өткізген  ғажайып  жаңа  жылдық  шыршасы  әр  балаға  ұмытылмас әсер қалдырды.










Все реакции:8Вы, Диана Жұмәділ, Айгуль Каниева и ещё 5
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив